ТЖМ құтқарушылары ШҚО-да төрт адамды эвакуациялады


14:53, 8 наурыз 2025

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында Құйған ауылынан 5 шақырым жерде екі жеңіл көлік қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар жедел түрде жол талғамайтын «Трэкол» көлігімен жетіп, Бұқтырма су қоймасының жағалауынан Күршім ауылына 4 адамды эвакуациялады.

Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.

ТЖМ азаматтарға қолайсыз ауа райы кезінде жолға шықпауды ескертті.