15:48, 13 қыркүйек 2025
Бүгін, 2025 жылғы 13 қыркүйекте Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында жол бойында жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖМ мәліметіне сүйенсек, Рашидов көшесінің жол бойында жеңіл автомобиль өртеніп, кейіннен газ-ауа қоспасы жарылды.
ТЖМ құтқарушылары көбікті оқпан атып, өртті толығымен жойды. Себебі анықталуда.
«Оқиға салдарынан бір адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды»,- делінген ақпаратта.
ТЖМ автокөлік салонында өрт сөндіргішті ұстауға кеңес береді!
Бұған дейін Шымкентте көлік газ құбырына соғылып, мыңдаған тұрғын газсыз қалғанын жазғанбыз.






Leave a Reply