теңге күшейіп, мұнай бағасы өсті


2026 жылғы 3 сәуірде Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 470,46 теңгені құрап, тағы 1,96 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 5,90 теңгеге дейін өсіп (+0,05) жетті.

Қытайда мереке күніне байланысты юань бойынша сауда жүргізілген жоқ.

Айырбастау пункттерінде:

  • доллар 468,6–471,2 теңге аралығында;
  • еуро 541,5–546 теңге аралығында;
  • рубль 5,85–5,98 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда.

Сонымен қатар, 3 сәуірде әлемдік мұнай бағасы өсуде.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 7,87 долларға өсіп, баррелі 109,03 долларды құрады.

Ал Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнай 11,42 долларға қымбаттап, баррелі 111,54 доллар болды.

Бұған дейін Ұлттық банк доллар бағамын 472,31 теңге, еуроны 543,72 теңге, рубльді 5,86 теңге деңгейінде белгілеген еді.