Теміржол бойындағы мәйіт: полиция күдіктіні құрықтады


Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы 2025 жылдың 8 мамырында облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, 7 мамырда кешке Қайрат – Байсерке теміржол аралығында (Сарыөзек-Алматы учаскесі) жүк пойызы бөгде адамның темір жолға шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеуді басуға мәжбүр болған. Құрам 20:52-де тоқтады, ал оқиға орнында ер адамның денесі табылған болатын.

«Материал Алматы облысы Іле ауданының ПБ берілді»,- деп хабарлады Көліктегі ПД баспасөз қызметі.

Өз кезегінде, аймақ полициясы бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша» ізін суытпай 49 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды». Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция ақпаратына сүйенсек, қылмыстың барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.