20:42, 15 мамыр 2025
Алматы облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері Бас прокуратураның бірінші қызметімен бірлесіп, өнеркәсіптік ауқымдағы есірткі зертханасын жойды. Есірткі өндірісі Талғарда орналасқан фермалардың бірінде ұйымдастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тінту кезінде 8 тоннадан астам прекурсор мен 100 келі дайын өнім, мефедрон тәркіленді.
«Осылайша жалпы сомасы 3 млрд теңге болатын синтетиканың 200 мыңнан астам бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді», делінген хабарламада.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткі құралдарын дайындағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза барын ескертеді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Бұған дейін Қызылорда облысының тұрғыны өз үйінде фитозертхана ұйымдастырғанын жазғанбыз.






Leave a Reply