Ташкентте жүк көлігі шұңқырға түсіп кетіп, жеңіл автокөлікті құммен басып қалды


11:00, 16 маусым 2025

Өзбекстан астанасы Ташкентте жүк көлігі жер астына түсіп кетіп, Chevrolet Lacetti көлігін құммен басып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті Oblakouz Telegram-арнасының ақпаратынша, оқиға 15 маусым күні Шота Руставели көшесінде болған.

Сурет: Telegram/oblakouz

Жүк көлігі бағдаршам жанында Chevrolet Lacetti көлігінің қасына тоқтаған. Жүргізуші оңға бұрылмақ болғанда, асфальт шыдас бермей, жүк көлігі шұңқырға түсіп кетіп, жанында тұрған жеңіл автокөлікті құммен басып қалған.

Сурет: Telegram/oblakouz

«Жүргізуші әрең дегенде шығып үлгерген», – делінген ақпаратта.

Сурет: Telegram/oblakouz

Бұған дейін Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылғандығы хабарланған болатын.