Ташкентте көркем гимнастикадан әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы жекелей сында да, топтық жаттығуларда да өнер көрсетеді. Төменде команда құрамы ұсынылған:
Жекелей сайыс: Диана Сәрсембаева, Дария Күшербаева.
Топтық жаттығулар: Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева, Мәдина Мырзабай, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова, Кристина Чепульская.
Әлем кубогының кезеңі ертең, 2026 жылғы 10 сәуірде басталады.






Leave a Reply