Ташкенттегі жатақхана студенттері жер сілкінісінен кейін дүрбелеңге түсті


6 қазанға қараған түні жойқын жер сілкінісінен кейін Өзбекстан астанасының жатақханаларының бірінде дүрбелең басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pressauz басылымының жазуынша, түнде Ташкентте жер дүмпуі сезілді. Жатақханалардың бірінде студенттер дүрбелеңге беріліп, залға жүгіріп шығып, дүмпудің қайта қайталануынан қорқып, абдырап қалған.

Куәгерлердің айтуынша, «люстралар дірілдеп, қабырғалар жарылып кететіндей шайқалды».

Айта кетейік, елімізде де 6 қазанға қараған түн Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент қаласында зілзала болды.