Тараз зауыттардың бірінде электр трансформатор өртенді


11:56, 16 наурыз 2025

Бүгін таңертең Тараз қаласында орналасқан зауыттардың бірінде электр трансформаторының 60 шаршы метр алаңда жануы орын алды.

Ауа-механикалық көбікті қолданған өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт одан әрі жайылмай толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.