11:43, 27 тамыз 2025
Тараз қаласында бүгінде дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше екпін түсірілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі таңда қала аумағында 510 спорт нысаны жұмыс істесе, оның 362-сі «Әулиеата», 148-і «Жібек жолы» ауданында орналасқан.
Биыл шаһарда 11 шағын футбол алаңшасын салу жоспарланған. Қазіргі таңда солардың 5-еуінің құрылысы аяқталса, 6 нысан бойынша жұмыстар әлі де жалғасын табуда.
Бұған қоса ағымдағы жылы 12 спорт алаңшасына қалпына келтіру көзделіп отыр. Оның ішінде Театральная №5, «Мыңбұлақ» шағынауданы, №21, «Қарасу» шағын ауданы, №8, «Алатау» шағынауданы, №35, «Танты» алқабы Маметов көшесі, №1, «Шайқорық» алқабы Қонаев көшесі, №19, «Қоңыртөбе» алқабы Күлтөбе көшесі, № 2, «Ақбұлым» алқабы Сарыбұлақ көшесі, №8 үйлердің аулаларындағы, «Денсаулық» саябағы мен «Қарасай» алқабындағы жұмыстар толығымен аяқталса, «Жайлау» шағынауданы мен №18, «Алатау» шағынауданы, №52 үйлердің аулалары бойынша мердігер анықталып, жөндеу жұмыстары басталды.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі
Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған ірі жобалардың бірі – «Ұлы Дала» (15) шағынауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. Бұл кешенді салу үшін Ш.Жандарбекова көшесі №31 учаскесінен көлемі 1,1278 гектар жер телімі бөлініп, ағымдағы жылдың І тоқсанында құрылыс жұмыстары басталды. Нысан құрылысы 2026 жылы тәмамдалады деп жоспарлануда.






Leave a Reply