СҚО-да 25 адамнан «гонконг тұмауы» анықталды


16:27, 20 қаңтар 2026

Солтүстік Қазақстан облысында 25 адамнан «гонконг тұмауы» анықталды.

Жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің дерегінше, науқастардың 129-ы ересек адам болса, қалғаны бала, деп жазады qazaqstan.tv.

Эпидемиялық маусым басталғалы 44 мыңнан астам тұрғын жіті респираторлық-вирустық инфекцияға шалдыққан.

Көрсеткіш былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға төмен.

Дәрігер көмегіне жүгінгендердің 66 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар.

Мектептерде тұмауға байланысты карантинге жабылған сыныптар жоқ.