Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды


19:08, 3 маусым 2025

5-8 маусым аралығында Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан ерлер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл құрлықтық біріншілікте еліміздің намысын ересектер және жасөспірімдер құрамалары қорғайды. Құрамға төмендегі гимнастар енді:

Ересектер:

  • Милад Карими — еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, кермедегі жаттығулар;
  • Ілияс Әзізов — жекелей көпсайыс;
  • Дмитрий Патанин — жекелей көпсайыс;
  • Нариман Курбанов — ат снарядындағы жаттығулар;
  • Әлішер Тойбазаров — жекелей көпсайыс;
  • Роман Маменов — жекелей көпсайыс.

Жасөспірімдер:

  • Нұртан Ыдырысов — жекелей көпсайыс;
  • Роман Хегай — жекелей көпсайыс;
  • Артём Ковалёв — жекелей көпсайыс;
  • Владислав Бабушкин — жекелей көпсайыс, еркін жаттығулар, ат снаряды, сақиналар және қоссырықтағы жаттығулар;
  • Андрей Терман — жекелей көпсайыс, қол тіреп секіру, кермедегі жаттығулар;
  • Өмірсерік Досжан — қосалқы спортшы, жекелей көпсайыс.