11:00, 30 қазан 2025
Сот көлік прокуратурасының қазақстандық жүк тасымалдаушыларды қорғаудағы ұстанымын қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 30 қыркүйекте Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді.
«Шымкент көлік прокуратурасы 9 мыңнан астам отандық жүк тасымалдаушылардың құқықтарын қорғап, тасымалдаушыларға берілетін рұқсат бланкілерінде көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін қайталап енгізу жөніндегі заңсыз тәжірибені тоқтатуға қол жеткізді»,- делінген ақпаратта.
Белгілі болғандай, мұндай әрекеттер халықаралық келісімдерге қайшы келіп, кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тарту қаупін тудырған.
Бұған дейін күніне 200 мың теңгеге дейін табыс тапқан қазақстандықтардың буда-буда ақшасы мен қымбат көліктері тәркіленгенін жазған болатынбыз.






Leave a Reply