Словакия Премьер-Министрі Астанаға ресми сапармен келеді


09:11, 9 маусым 2025

2025 жылғы 10 және 11 маусымда Словакияның Премьер-Министрі Роберт Фицо Астанаға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Zakon.kz сайтына Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, келіссөздер барысында Қазақстан Президенті мен Словакия Үкіметінің басшысы қазақ-словак серіктестігін кеңейту перспективасын талқылайды.

2025 жылдың 8 маусымында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф телефон арқылы сөйлесті. Тараптар қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай бір-бірін құттықтады.