Сирияда шіркеуде теракт болып, ондаған адам қаза тапты


11:53, 23 маусым 2025

Дамаскідегі грек православ шіркеуі – Әулие Илия шіркеуінде діни рәсім кезінде жарылыс болды. Шетелдік БАҚ мәліметінше, жарылыс жасаған – жанкешті-террорист, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша, кемінде 25 адам қаза тапты, 80 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген, оның ішінде 30-ының жағдайы аса ауыр.

Бастапқы деректерге сәйкес, жанкешті-террорист алдымен шіркеу ішіндегі жамағатқа оқ атқан, содан кейін ғимарат ішінде жарылғыш зат салынған белдігін іске қосқан.