синоптиктер 27 сәуірге арналған ауа райы туралы айтып берді


15:55, 26 сәуір 2026

“Қазгидромет” 2026 жылғы 27 сәуірге арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады.

Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні елдің шығысында, түнде солтүстігінде және орталығында, күндіз батысында және оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы сипатта сақталады.

«Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі. Батыс пен оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін»,- делінген ақпаратта.

Қазақстанның қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Республика бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі, ал оңтүстікте шаңды дауыл болжанады.

Шығыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі сақталады.