18:41, 23 сәуір 2026
Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 2026 жылғы 24 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, еліміздің екі облысында түнде – 2 градус үсік күтіледі.
- Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында;
- Павлодар облысының солтүстігінде.
«Елдің көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальды бөлікдердің әсерінен найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Республика бойынша тұман, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады». «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі
Сонымен қатар:
- жоғары өрт қаупі – Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында;
- төтенше өрт қаупі — Жетісу облысының оңтүстігінде.
Бұған дейін Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтердің дайындығы күшейтілгенін жазғанбыз.






Leave a Reply