Синоптиктер сынап бағаны 9 градус суықты көрсетіп, үсік жүретін ел өңірлерінің атын атады


17:58, 15 қазан 2025

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы бейсенбі, 2025 жылғы 16 қазанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес түнде үсік жүреді деп күтіледі:

  • Жетісу облысында сынап бағаны 4-9 градус суықты,
  • Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетеді.

«Алдағы тәулікте ауа райында айтарлықтай өзгеріс бола қоймайды. Антициклон Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын анықтайды, ал батыста, еліміздің солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс — желдің екпін алуы, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, батысында, шығысында тұман болады деп болжанады». «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде мынандай табиғи құбылыстар күтіледі:

жоғары өрт қаупі — Маңғыстау облысында, Атырау өңірінің солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының орталығында, солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, Алматы өңірінің батысында, Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Абай облысының оңтүстігінде,

төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде.