Семсерлесуші Руслан Курбанов Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді


21:29, 8 желтоқсан 2025

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Ванкуверде (Канада) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңіндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекелей сында ең үздік нәтиже көрсеткен — Руслан Курбанов. Ол жалпы есепте үздік ондыққа енді (10-шы орын), делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Кирилл Проходов — 26-орын, Никита Жулинский — 42, Александр Федотов — 46, Кирилл Павлов — 64, Вадим Шарлаимов — 85, Эльмир Әлімжанов — 118, Алексей Касаткин — 161, Ерлік Сертай — 180-орын алды.

Командалық жарыста Қазақстан 13-орынға тұрақтады.

Бұған дейін «Қайрат» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалына жолдама алғанын жазғанбыз.