Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді


19:38, 5 қараша 2025

10-13 қараша аралығында Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Спортшылар 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі.

Ел чемпионатының нәтижесінде 2025-2026 жылғы маусымға арналған ұлттық құрама жасақталады.

Айта кетейік, додада сондай-ақ, аралас командалық сайыстар ұйымдастырылады.