Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалында жеңіліп қалды


01:41, 16 наурыз 2026

Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA 1000 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина үш сетке созылған финалда Арина Соболенкодан 6:3, 3:6, 6:7 есебімен жеңілді.

Айта кетейік, 2023 жылы Елена Indian Wells Open турнирінің чемпионы атанған еді.

Биылғы жарыста Елена Рыбакина Хейли Баптистті (43-орын), Марта Костюкті (28-орын), Сонай Карталды (54-орын), Джессика Пегуланы (5-орын) және Элина Свитолинаны (9-орын) жеңді.

Ал Арина Соболенко Индиан-Уэллсте алғашқы рет чемпион атанып отыр. Бұған дейін Беларусь теннисшісі финалда екі рет ойнағанымен, екеуінде де жеңіліп қалған. 2023 жылы Елена Рыбакинаға, ал 2025 жылы ресейлік Мирра Андрееваға есе жіберді.