09:07, 13 ақпан 2025
Мемлекет басшысының өкімімен 2025 жылғы 13 ақпанда Рустам Баялиев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда мәлімдемесіне сүйенсек, Баялиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі лауазымына ие болды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды»,- делінген ақпаратта.
Рустам Баялиев 2024 жылдың қаңтарынан бері ҚР Президентінің Іс басқарушысының орынбасары қызметін атқарған болатын.






Leave a Reply