Қостанай облысының еріктілері екі жасөспірімді іздеуде. Олар Рудныйдағы балаларға көмек көрсету орталығынан қашып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
kstnews.kz дерегінше, балалардың қайда екені әлі күнге белгісіз.
Сурет: kstnews.kz
«Регион 10» іздеу-құтқару жасағының еріктілері хабарлағандай, 17 жастағы Владислав Полстянкин мен 15 жастағы Ярослав Фролов 7 сәуірде мекеменің терезесінен секіріп, қашып кеткен.
Сурет: kstnews.kz
Жасөспірімдерді іздеу жалғасуда. Олардың бұл қадамға неліктен барғандығы белгісіз.
Бұған дейін Еуропада баланы қараусыз қалдырғандар қатаң жазаланатындығы жайлы жазған болатынбыз.






Leave a Reply