Рината Сұлтанова тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды


Тасжолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Рината Сұлтанова Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатыр.

Отандасымыз 20 шақырымдық жекелей сайыста топ жарды.

Екінші орынды Гонконг өкілі И Уин Леунг иеленсе, қола жүлде Қытай спортшысы Хао Чжанға бұйырды.