19:47, 28 қаңтар 2026
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен Украина арасындағы Абу-Дабиде өтетін келесі келіссөздердің 1 ақпанда жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС мәліметінше, бұл кездесу көрші мемлекеттермен бірге АҚШ делегациясының қатысуымен өтеді. 
«Иә, 1 ақпан деп жоспарланып отыр. Әзірше осы күнге бағыт ұстап отырмыз», – деді Песков. 
Еске салайық, қаңтардың 23-24-і күндері Абу-Дабиде Ресей, АҚШ және Украина делегациялары екі күн бойы келіссөз жүргізген. Тараптар буферлік аймақтар, бақылау механизмдері және ықтимал бейбіт келісімнің басқа да тармақтарын қарастырған.






Leave a Reply