«Реал» «Қайратқа» қарсы ойында өнер көрсететін футболшылар тізімін жариялады


16:54, 28 қыркүйек 2025

«Реал Мадрид» 2025 жылдың 30 қыркүйегінде Алматыдағы орталық стадионда өтетін «Қайратқа» қарсы матчқа қатысатын бастапқы құрама тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты мадридтік клуб өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Оған сәйкес, «Қайратқа» қарсы матчта 22 футболшы өнер көрсетеді. оның алтауы — қорғаушылар.

Сурет: Instagram/realmadrid

Негізгі оң тұстың қорғаушысы және «Реал Мадрид» ФК капитаны Дани Карвахаль «Қайратпен» болатын матч алдында жарақат алып қалды. Одан бөлек тізімде Трент Александр-Арнольд, Эдер Милитао және Антонио Рюдигердің аты-жөні көрінбейді.