«Реалдың» бұрынғы жұлдызы «Милан» сапында А сериясындағы алғашқы голын соқты


15:06, 15 қыркүйек 2025

15 қыркүйекке қараған түні италиялық «Милан» футбол клубы А сериясының үшінші туры аясында «Болоньяны» 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз әрі жеңіс голын 40 жастағы Лука Модрич соқты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мадридтік «Реалдың» бұрынғы ойыншысы кездесудің 61-минутында Алексис Салемакерс берген паспен мүмкіндікті мүлт жібермей гол соқты.

Модрич үшін бұл — италиялық чемпионаттағы «қызыл-қаралар» сапындағы үшінші ойыны. Қазіргі таңда оның еншісінде бір гол мен бір нәтижелі пас бар.

Ал оның клубы қазіргі уақытта А сериясының үздік бестігінде тұр, жинаған ұпайы — алты.

Бұған дейін Темірлан Анарбеков «Ақтөбеге» қарсы матчта жақ сүйегін сындырып алғанын жазғанбыз.