Прокуратураның ұйымдастыруымен аудандық ата-аналар жиналысы өткізілді


2025 жылдың 2 мамырында «Заң және тәртіп» қағидаты және «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында Жамбыл ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен аудандық ата-аналар жиналысы өткізілді.

Іс-шараға аудандық прокуратура, ішкі істер органдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, білім беру ұйымдарының педагогтары мен ата-аналар қатысты.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жиында қоғамдағы түйткілді мәселелер қозғалып, жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез құлыққа ұшырау себептері және оның алдын алу шаралары талқыланды.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аталған іс-шарада спикер ретінде арнайы шақырылған Жамбыл облысы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» директорының орынбасары М. Ермекбаева балалардың психологиясы, олармен қалай дұрыс жұмыс жасау қажеттігі туралы ақыл-кеңес берсе, ауданның бас имамы Д. Құттыбаев ұрпақ тәрбиесіндегі исламның рөлі туралы ой қозғады.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аудан прокуратурасының бастамасымен әр мектептерде педагог және ата-аналармен психологиялық кездесулер жалғасуда.