Президент «Әл-Фараби» орденін құру туралы Жарлыққа қол қойды


11:37, 29 сәуір 2026

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 20 сәуірде «Әл-Фараби» орденін құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарлыққа сәйкес, Қазақстанда жаңа мемлекеттік награда – «Al-Farabi» ордені ресми түрде бекітілді.

Үкіметке: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік наградалар туралы» заңына тиісті толықтырулар енгізуді қамтамасыз ету; Жарлықтан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Ал Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне «Әл-Фараби» орденінің эскизін әзірлеу міндеті жүктелді. Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Бұл награда ғылым, білім, мәдениет және рухани даму салаларында елеулі жетістікке жеткен азаматтарға табысталады.