презентациядан әрі іс қозғалған жоқ


11:04, 27 қаңтар 2026

2026 жылғы 27 қаңтарда премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында экотуризмді дамыту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл тақырыпты бұған дейін Мемлекет басшысы да қозғағанын еске салды.

«Президент атап өткендей, елімізде экотуризм дамымаған. Презентациядан әрі іс қозғалған жоқ. Қандай шаралар қабылдануда?» – деп сұрады Бектенов.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті:

«Ұлттық экотуризм стандарты жаңартылды. Қазір бес визит-орталық құрылысын жүргізіп жатырмыз. Инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер қабылданды. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстарды белсенді түрде жалғастырамыз», – деді министр.

Айта кетейік, Қазақстанда экотуризмді дамыту мәселесі алғаш рет 2022 жылы көтерілген болатын.