10:40, 18 мамыр 2025
Кезекті президент сайлауы басталған Польшада 2025 жылдың 18 мамырында дауыс беру учаскелері ашылды. Дауыс беру процесі Астана уақыты бойынша сағат 00:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі президент Анджей Дуда сайлауға қатыса алмайды, өйткені ол бұл қызметті қатарынан екі рет атқарған.
Польшаның президенттік креслосынан 13 саясаткер үмітті:
- Рафал Тшасковский, Дональд Тусктың «Азаматтық коалициясынан»;
- Карол Навроцкий, Ярослав Качинскийдің «Құқық және әділеттілік» оппозициясы партиясынан;
- Славомир Ментцен, «Конфедерация» ұлтшылдар мен еуроскептиктер коалициясынан;
- Сейм спикері Шимон Холовня;
- Магдален Беят, «солшылдар» атынан;
- Адриан Зандберг, «Біргеміз» қозғалысынан;
- Гжегож Браун, «Поляк тәжі конфедерациясы» партиясынан;
- Марек Вох, партиядан тыс өзін-өзі басқарушылардан;
- Иоанна Сенышин, «Солшыл демократтардан»;
- Марек Якубяк, «Ерікті республикашылардан»;
- Мачей Мацяк, «Әл-ауқаттылық пен бейбітшілік үшін қозғалысынан»;
- Артур Бартошевич, партия қатарында жоқ;
- Кшиштоф Становский, блогер.
Олардың үшеуі — Тшасковский, Холовня және Якубяк 2020 жылғы президенттік сайлауға қатысқан. Екінші турда Тшасковский Дудадан шамамен 1% айырмашылықпен ұтылды.
1 маусымда өтетін сайлаудың екінші турына бәсекелестерінен үлкен айырмашылықпен «Құқық және әділеттілік» кандидаты, Ұлттық еске алу институтының директоры Карол Навроцкий және премьер-министр Дональд Тусктың басқарушы коалициясының кандидаты, Варшава мэрі Рафал Тшасковский төбе көрсетеді деп күтіледі.
Бұған дейін Израиль Йеменге тағы да әуеден шабуыл жасағаны хабарланған.






Leave a Reply