Елімізде «Қазпошта» қызметкерлерінің атын жамылған алаяқтар көбейіп келеді. Осыған байланысты 2025 жылғы 7 сәуірде ақтөбелік полицейлер халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлердің айтуынша, 45 жастағы ақтөбелік әйел алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Ол қаскөйлердің қоңырауынан кейін онлайн несие рәсімдеп, олардың шотына 1 млн теңге аударған.
«Алаяқтар өздерін «Қазпошта» қызметкерлері ретінде таныстырып, сіздің атыңызға сәлемдеме түскені туралы хабарлайды. Олар осы сәлемдемені алу үшін телефоныңызға келген sms-кодты айтуды сұрайды»,- делінген ақпаратта.
Ведомство мұндай жағдайда сөйлесуді дереу тоқтату керек екенін ескертті.
«Интернет-алаяқтардың құрбаны болмас үшін әр қоңырау мен sms-ке мұқият қарауды, сондай-ақ күдікті хабарламалар мен жарнамаларға сенбеуді ұсынамыз». Ақтөбе облысы ПД басқармасы
Бұған дейін қазақстандық миллиардердің 6,8 жылға бас бостандығынан айырылғандығы жайлы жазған болатынбыз.






Leave a Reply