15:19, 19 мамыр 2025
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге қолдау көрсету тақырыбына арналған әлеуметтік бейнеролик дайындады. Негізгі идеясы – «Сен жалғыз емессің» үндеуі. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Ведомство полиция қызметкерлері мен білікті психолог мамандары күн сайын күрделі, әрі маңызды істі атқаруда екенін атап өтті.
«Біз әйелдердің түрлі мәселелер жайлы ашық айтуға қорықпаса екен дейміз. Біз қолдау көрсетіп, қорғап, жан тыныштығын қалпына келтіруге, өмірдің жаңа парағын ашуға көмектесуге дайынбыз, – деді бөлім қызметкерлері.
Сондай-ақ, полиция келесідей ескертпе жасады: егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болса – үнсіз қалмаңыз.
«Полицияға немесе қолдау қызметіне жүгініңіз. Кейде бір ғана қоңырау – өмірді құтқарып қалуы мүмкін». Алматы облысы ПД баспасөз қызметі






Leave a Reply