Миллиондаған оқырманы бар қазақстандық танымал блогерге іздеу салынды


20:30, 11 қаңтар 2026

Қазақстандық блогер Қайсар Қамзаға ел аумағында іздеу салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқықтық статистика порталының дерегіне сәйкес, іздеуді Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі бастаған. Іздеу ісі Астанада тіркелген.

Сурет: скрин

Айта кетейік, Қамза әлеуметтік желілерде «қора-пати» деп аталатын трэш-кештерімен, сондай-ақ шетелде түсірілген бейнероликтерімен танымал.

Instagram желісінде блогердің 2,4 миллион оқырманы бар. Сонымен қатар ол парақшасында жазылушылар арасында түрлі ұтыс ойынын өткізіп, онлайн-казино жарнамасын орналастырған.