Петропавлда із-түссіз жоғалып кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды


Петропавлда 20 шақты күн бұрын жоғалған Ролан Зуевтің денесі бүгін, 2026 жылғы 3 ақпанда қала маңындағы орманнан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 жастағы жігіттің неден мерт болғаны анықталып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ролан Зуевтің хабар-ошарсыз кеткендігі туралы қаңтар айының ортасында оның әпкесі полицияға хабаралған. Үйден шығып кетіп, байланысқа шықпаған.