Петропавлда интернет тартпақ болған жұмысшы биіктен құлап, мерт болды


19:50, 5 желтоқсан 2025

Петропавлда монтаж жұмыстары кезінде көтергіш платформадан екі адам құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін, 2025 жылғы 5 желтоқсанда болған. Жұмысшылардың бірі — 35 жастағы ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал 1994 жылы туған екінші жұмысшы ауруханаға жеткізілді.

«Осы дерек бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Істің барлық мән-жайын толық анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады, — делінген хабарламада.

Екі жұмысшы интернет тартпақ болған екен.