09:34, 13 қыркүйек 2025
Павлодар тұрғыны облыс прокуратурасының қызметкері тарапынан алаяқтық жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімі мен облыстық ҰҚК департаменті бірлесіп жедел-тергеу шараларын жүргізді.
«Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Бұған дейін Ақтаулық прокурор Ерболат Әбдіровтің Алматы әуежайында ұсталуына қатысты іс қайта қаралатын болғанын жазғанбыз.






Leave a Reply