19:04, 15 тамыз 2025
Павлодар облысында полиция сүйек қалдықтарының табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полиция департаментінің 15 тамыздағы мәліметінше, қажетті іс-шаралардың кешені тағайындалып, жүргізіліп жатыр.
Нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.
«14 тамызда Ақтоғай ауданы Жанауыл ауылының маңында жол жөндеу жұмыстары кезінде кюветтен жұмысшылар сүйек қалдықтарын тауып алған», — делінген хабарламада.
Ведомство оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатынын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Қостанайда коммуналдық қызметтің қызметкерлері адам сүйектерін тауып алғанын жазған едік.






Leave a Reply