Павлодар облысында жол апатында мотоцикл жүргізушісі көз жұмды


18:22, 17 сәуір 2025

Павлодар облысында жол апатында мотоцикл жүргізушісі көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы Май ауданы Қаратерек ауылының маңында болды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Курчатов-Атамекен автожолының 163 шақырымында Audi-80 автокөлігі мен Sonik мотоциклі соқтығысқан.

Салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілген кезде алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.