Павлодарда мектеп оқушылары төбелескен


20:42, 18 наурыз 2025

№30 орта мектебі әкімшілігінің мәліметінше, 7-сынып оқушылары төбелескен, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Мектеп әкімшілігі мен полиция қызметкерлері бірге құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жоспарланбаған кеңес өткізді. Осы оқиғаға қатысушылардың барлығына құқықтық баға беріледі», — деді мектеп әкімшілігі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаға қатысқан барлық тұлға анықталды, ал кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді.

Кәмелетке толмағандар алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында мектеп ішінде есепке алынды.