Орталық стадиондағы тарсылдаған дыбыстар алматылықтарды шошытты


22:22, 25 ақпан 2025

2025 жылғы 25 ақпанда Қазнетте Алматыдағы Орталық стадион маңында қатты дыбыстар шыққаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратқа қатысты Zakon.kz тілшісіне Алматының спорт ғимараттары дирекциясы түсінік берді.

«Орталық стадионда фильм түсіріліп жатқан, оның барысында арнайы эффектілер қолданылды. Барлық жұмыс қауіпсіздік талаптарына сай жүргізілді», — деп хабарлады дирекция.

Сонымен бірге дирекция стадион қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқанын атап өтті.