Орал қаласында бірқатар дүкен ұрлығына күдікті екі азамат ұсталды


10:31, 20 сәуір 2026

Орал қаласында полиция қызметкерлері дүкендерден жасалған бірқатар ұрлық деректеріне күдікті екі азаматты ұстады.

Анықталғандай, күдіктілер түнгі уақытта сауда нысандарына заңсыз кіріп, ақшалай қаражатты, азық-түлік өнімдерін және өзге де тауар-материалдық құндылықтарды жымқырған.

Олардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын 1 млн теңгеден асты.

Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.