Олимпиада ойындарында техникалық ақау орын алып, алғашқы жарыстардың бірі үзіліс алды


Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында аралас жұптар арасындағы керлинг жарыстары Кортина-д’Ампеццо аренасындағы жарықтың сөніп қалуына байланысты уақытша тоқтатылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

РБК мәліметінше, жарыс басталғаннан кейін көп ұзамай аренада жарық өшіп қалған.

Осы себепті Швеция – Оңтүстік Корея, Ұлыбритания – Норвегия, Канада – Чехия және Эстония – Швейцария арасындағы матчтар тоқтатылды. Үзіліс шамамен бес минутқа созылған.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты 6 ақпанда өтеді.

Бұған дейін Самоделкина мен Шайдоровтың 2026 жылғы қысқы Олимпиадада қашан өнер көрсететін белгілі болғанын жазғанбыз.