Наталья Богданова финалға жолдама алды


11:05, 14 қыркүйек 2025

Қазақстандық бұрымды боксшы Наталья Богданова Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз 70 келіге дейінгі салмақтың финалына шығу үшін Шантель Ридпен (Англия) қолғап түйістірді.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен Наталья Богданова жеңіске жетті.