13:34, 19 ақпан 2025
2025 жылғы 19 ақпанда өткен жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары Сенаттың Бюджет кодексіне, сондай-ақ бюджет заңнамасын жетілдіру және «Концессиялар туралы» заңның күші жойылды деп тану туралы заңға енгізген түзетулерімен келісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның хабарлауынша, 6 ақпанда Парламент Мәжілісі қабылдаған Бюджет кодексі мен оған ілеспе заң Сенаттан төменгі палатаға оралды.
Сенат 92 түзету енгізді, оның 70-і Бюджет кодексіне және 22-і ілеспе заңға.
«Түзетулердің 55-і редакциялық және нақтылаушы, 36-сы Қазақстанның жекелеген заңнамалық актілеріне сәйкестендіруді көздейтін және 1-і республикалық маңызы бар мәселелерді шешуге (су қоймаларын, каналдарды және гидротехникалық құрылыстарды дамытуға мемлекет кепілдігімен алынған несиелер бойынша шығыстарды субсидиялауға) қатысты», – деді Татьяна Савельева.
Ол Сенат енгізген түзетулер заңдардың тұжырымдамалық нормаларын өзгертпейтінін атап өтті.
Парламент Сенатының депутаттары Ұлттық қорды пайдалану мен бақылауға қатысты түзетулер енгізуді ұсынғаны бұдан бұрын хабарланған болатын.






Leave a Reply