Мирзиеев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді


12:10, 29 наурыз 2025

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәртебелі мейманды Алматы әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Сурет: akorda.kz

Сурет: akorda.kz

Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды аралап көреді.