«Менің жекпе-жегіме бәс тікпеуге шақырамын!». Жәнібек Әлімханұлы жастарға үндеу тастады


17:19, 1 желтоқсан 2025

Кәсіпқой бокстың орта салмағындағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 7 желтоқсанда Сан-Антониода (АҚШ) Эрисланди Ларамен болатын айқас алдында жастарға үндеу тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, аталған жекпе-жекте үш чемпиондық белбеу – WBO, IBF және WBA қатар бәске тігіледі. Әлімханұлына WBO және IBF, ал Лараға WBA белбеуі тиесілі. Осындай тартысты жекпе-жек алдында Жәнібек желідегі парақшасында жазба жариялады:

«Маған әр қазақ қымбат! Ешқайсының шаңырағы шайқалмаса екен деймін! Жастарды құмар ойын ойнамауға, менің жекпе-жегіме бәс тікпеуге шақырамын!», деп жазды ол.

Қазақстандық каратэші Мысырдағы жарыста «тыйым салынған тәсілге» байланысты жеңіске жетті.