09:01, 18 ақпан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев 18 ақпанда «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда ақпаратынша, Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді.
«Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді»,- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Ұлытау облысында кеніште тау-кен массасы опырылып, жеті шахтер үйінді астында қалып кеткендігі хабарланған болатын.






Leave a Reply