Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңға қол қойды


11:01, 16 қаңтар 2026

2026 жылғы 16 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – деп жазылған ресми ақпаратта.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.