10:00, 16 желтоқсан 2025
2025 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастты Чили Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі таратты.
Қазақстан Президенті жеделхатта Чили елінің алдағы уақытта қарқынды дамуын жалғастырып, халықаралық аренадағы беделі арта түсетініне сенім білдірген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Касттың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Чили халқына құт-береке тіледі.






Leave a Reply